Данияр Елеусінов Жәнібектің жаттықтырушысымен дайындалып жүр

Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-та дайындығын шыңдап жүр. Ол өзінің instagram парақшасына  Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы Бадди Макгиртпен өткізген жаттығуын жариялады.

Ресми парақшасына фото мен видео жариялап қана қоймай, «жақында...» деп жанкүйерлерін де қызықтырып қойды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана бұрынғы менеджері Зия Алиевті келісімшартына байланысты сотқа берген еді.