Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос және индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.
Бір сағаттан аса уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды: 6:1, 6:3.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова