Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) Лаура Зигемунд (Германия) және София Кенин (АҚШ) жұбымен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Данилина мен Крунич 1/4 финалда Николь Меличар-Мартинез (АҚШ) және Людмила Самсоновамен (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова