Данилина Australian Open-2026 турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз дүбірлі додада жұптық сайыста сәтті өнер көрсетіп жатыр. Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге чемпиондық атақ үшін күреседі.

Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич чехиялық Катерина Синякова және АҚШ спортшысы Тейлор Таунсендтен құралған жұпты 6:2, 3:6, 6:0 есебімен жеңді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!