ЧЛ 1/2 финал. "Реал Мадрид" пен "Манчестер Сити" тең ойнады

ЧЛ 1/2 финал. "Реал Мадрид" пен "Манчестер Сити" тең ойнады
Фото: championat.com

УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/2 финалында "Реал Мадрид" (Испания) – "Манчестер Сити" (Англия) кездесті.

Тартысты өткен ойынның бірінші таймында ағылшын командасы бірнеше шабуыл жасағанымен, корольдік клубтың қақпасынан саңылау таба алмады. Ойынның 36-минутында Камавинганың берген пасын сәтті пайдаланған Винисус алыстан қайшылай теуіп, "Реал Мадридті" алға шығарды.

Екінші таймда да екі команда бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. 67-минутта Гюндаган берген пасты алыстан теуіп Кевин Де Брёйне есепті теңестірді.

Қарымта ойын "Манчестер Сити" алаңында 18 мамыр күні өтеді.

Т. Раушанұлы