Черчесов резонанс тудырған әзілі үшін қанша айыппұл төлейтіні белгілі болды

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке резонанс тудырған әзілі үшін қанша айыппұл салғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы Словениямен ойыннан кейін ресейлік маманға журналистердің бірі сұрақты қазақша қойды, ал Черчесов оны "Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?" деп бөліп жіберді. 

"Первый спорт" телеграм-каналының хабарлауынша, Черчесовке 147 мың рубль немесе 738 400 теңге айыппұл салынды, бұл - 200 АЕК.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың бас бапкеріне қатысты қолданылған шаралар туралы айтқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!