Футболдан биылғы Чемпиондар лигасының финалы Ыстанбұлда өтті. Жанкүйерлер асыға күткен маусымның ең басты ойыны түрік елінің экономикасына айтарлықтай табыс түсірген, - деп жазады Т24.
Біздің жерге әлемнің көптеген елінен қонақтар келді және еліміздің экономикасына 200 миллион доллар көлемінде пайда алып келді, - деді түрік футбол федерациясының басшысы Мехмет Бүйкекши.
Айта кетейік, биылғы финал Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда өтті. "Манчестер Сити" (Англия) Миланның "Интер" клубын 1:0 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.