Чемпиондар лигасының фавориттері анықталды: бүгінгі ойындар кестесі

ESPN басылымы биылғы Чемпиондар лигасындағы фавориттер рейтингін жаңартты. Францияның ПСЖ клубы көш бастап тұр, деп хабарлайды Massaget.kz.

ПСЖ ESPN рейтингінде көш бастады

Басылым журналистерінің бағалауынша, Луис Энрике шәкірттері турнирдің басты фавориті саналады. Команда жүлдені қатарынан үшінші рет жеңіп алуы мүмкін.

Екінші орынға "Барселона" жайғасқан. Каталониялық клуб Чемпиондар лигасында 2015 жылдан бері алғаш рет топ жаруды көздейді. Үздік үштікті лондондық "Арсенал" түйіндеп тұр.

ESPN нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының фавориттері

1ПСЖ 🥇
2"Барселона" 🥈
3"Арсенал" 🥉
4"Реал"
5"Бавария"
6"Манчестер Сити"
7"Ливерпуль"
8"Комо"
9"Интер"
10"Атлетико"

Бесінші турдың кестесі

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчтары Қазақстан уақытымен 25 қарашаға қараған түні, 25 қараша күні кешке және 26 қарашаға қараған түні өтеді.

Қазір турнир кестесінде мүмкін болған ұпайдың бәрін жинаған ПСЖ мен "Реал" көш бастап тұр. Екі команданың да еншісінде 12 ұпайдан бар.

Ал 35 еуропалық клубтың тізімінде соңғы орында братиславалық "Слован" тұр. Команда алғашқы төрт кездесуінде де жеңіліп, әзірге бірде-бір ұпай жинай алмады.

Бүгінгі матчтардың кестесі

Чемпиондар лигасының бесінші туры бүгін, 24 қарашада басталады. Қазақстан уақытымен екі кездесу бүгін кешке, қалған жеті матч 25 қарашаға қараған түні өтеді.

📅 24 қараша🕒 22:45
⚽ "Буде-Глимт" – ЛАСК
📅 24 қараша🕒 22:45
⚽ "Галатасарай" – "Астон Вилла"
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Арсенал" – "Боруссия" (Дортмунд)
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Комо" – АЕК (Афины)
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Фейеноорд" – "Порту"
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Манчестер Сити" – "Наполи"
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Лейпциг" – "Ланс"
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Реал Мадрид" – ПСВ
📅 25 қараша🕒 01:00
⚽ "Слован" (Братислава) – "Бетис"