ESPN басылымы биылғы Чемпиондар лигасындағы фавориттер рейтингін жаңартты. Францияның ПСЖ клубы көш бастап тұр, деп хабарлайды Massaget.kz.
ПСЖ ESPN рейтингінде көш бастады
Басылым журналистерінің бағалауынша, Луис Энрике шәкірттері турнирдің басты фавориті саналады. Команда жүлдені қатарынан үшінші рет жеңіп алуы мүмкін.
Екінші орынға "Барселона" жайғасқан. Каталониялық клуб Чемпиондар лигасында 2015 жылдан бері алғаш рет топ жаруды көздейді. Үздік үштікті лондондық "Арсенал" түйіндеп тұр.
ESPN нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының фавориттері
Бесінші турдың кестесі
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчтары Қазақстан уақытымен 25 қарашаға қараған түні, 25 қараша күні кешке және 26 қарашаға қараған түні өтеді.
Ал 35 еуропалық клубтың тізімінде соңғы орында братиславалық "Слован" тұр. Команда алғашқы төрт кездесуінде де жеңіліп, әзірге бірде-бір ұпай жинай алмады.
Бүгінгі матчтардың кестесі
Чемпиондар лигасының бесінші туры бүгін, 24 қарашада басталады. Қазақстан уақытымен екі кездесу бүгін кешке, қалған жеті матч 25 қарашаға қараған түні өтеді.