- Негізгі бет
- Спорт
- Чемпиондар лигасы. "Реал"...
Чемпиондар лигасы. "Реал" мен "Манчестер Сити" бірінші ойында жеңіске жетті
Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының ойындары басталды. "Реал" мен "Манчестер Сити" сырт алаңда өткізген бірінші ойындарында жеңіске жетті.
"Корольдік клуб" түзде Германияның "Лейпциг" командасымен кездесті. "Ред Булл Аренада" бірінші болып алаң иелері гол соққан. Алайда төреші ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады. Қарымта шабуылда Марко Розе шәкірттері шапшаң қимылдағанмен, гол соға алмады. "Реал" 48-минутта Браим Диас соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті.
Екі команда арасындағы қарымта ойын 6 наурыз күні Мадридте өтеді.
©twitter.com/ManCity
Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында ерекше рекорд орнатты. "Қалалықтар" 7 ойын қатарынан қарсылас команда қақпасына кемі 3 голдан соққан. "Копенгагенді" де 3:1 есебімен ұтты.
Ойында ағылшындық клуб сапында Кевин де Брюне, Бернарду Силва және Фил Фоден гол салды. Ал алаң иелері қатарынан Магнус Матсон мергендігімен көзге түсті.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 6 наурызда өтеді.
Бүгін түнде 1/8 финалдағы ойындар жалғасады. Жанкүйерлер ПСЖ – "Реал Сосьедад" және "Лацио" – "Бавария" ойындарын тамашалайтын болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай