- Негізгі бет
- Спорт
- Чемпиондар лигасы. ПСЖ...
Чемпиондар лигасы. ПСЖ мен "Челси" жартылай финалға шықты
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/2 финалына шыққан екі команда белгілі болды. Бірі – Францияның ПСЖ клубы болса, екіншісі – Англияның "Челсиі".
Ширек финалдағы қарымта ойында екі команда да жеңіліс тапты. ПСЖ өз алаңында "Бавариядан" ұтылса, "Челси" "Портуға" есе жіберді. Бірақ бірінші ойындағы нәтиже бойынша ПСЖ да, "Челси" де келесі кезеңге өтті.
Парижде өткен ойында "Бавария" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойында мюнхендік клубқа жеңіс сыйлаған голды 40 минутта Максим Чупо-Мотин соққан. Осы есеп айырмасы сақталып, келесі кезеңге ПСЖ өтті. Жалпы есеп 3:3 болғанымен, "Бавария" алаңында үш гол соққан Маурисио Почеттино шәкірттерінің жолы болды.
"Челси" бірінші ойында "Портуды" 2:0 есебімен ұтқан. Өз алаңында португалдық клубқа 1:0 есебімен есе жіберді. Ойында Мехди Тареми соққан гол команданы келесі кезеңге алып шығу үшін жеткіліксіз болды. Оның өзі ойын аяқталар тұста соғылды.
Жартылай финалда ПСЖ командасы "Боруссия" – "Манчестер Сити" клубтарының жеңгенімен, ал "Челси" "Ливерпуль" – "Реал" командаларының жеңгенімен кездеседі.
Н. Үсенова