Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі төртінші турдың алғашқы тоғыз матчы аяқталды. "Барселона" мен ПСЖ қарсыластарын ірі есеппен жеңсе, "Манчестер Юнайтед" екі доп айырмасымен жеңіліп жатып, камбэк жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Батраков "Штутгарт" қақпасына екі гол соқты
Түркиялық "Галатасарай" өз алаңында германиялық "Штутгартты" 2:0 есебімен жеңді. Кездесудегі екі голды да ресейлік жартылай қорғаушы Алексей Батраков соқты. Ол матчтың 12 және 15-минуттарында мергендігімен көзге түсті.
Украиналық "Шахтёр" Лондонда португалиялық "Спортингке" 0:1 есебімен жол берді. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 59-минутта Исса Думбия соқты.
"Барселона" мен ПСЖ қарсыластарын ойсырата жеңді
Каталониялық "Барселона" өз алаңында ағылшындардың "Астон Вилласын" 3:0 есебімен жеңді. Ламин Ямаль 7-минутта есеп ашса, Рафинья 52 және 64-минуттарда екі гол соқты.
Мадридтік "Атлетико" өз алаңында мюнхендік "Бавариядан" жеңілді. Қонақтар екінші таймда екі рет мергендік танытты. 54-минутта Леннарт Карл есеп ашса, 74-минутта Конрад Лаймер командасының басымдығын арттырды.
Франциялық "Пари Сен-Жермен" сырт алаңда испаниялық "Вильярреалды" 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Париждіктер алғашқы таймның өзінде төрт гол соқты. Жоау Невеш 9-минутта, Дезире Дуэ 12-минутта, Сенни Маюлю 13-минутта, ал Фабиан Руис 17-минутта мергендік танытты.
Үзілістен кейін Фабиан Руис 50-минутта дубль авторы атанды. Кездесудің 78-минутында Давид Боли қорытынды есепті белгіледі.
"Манчестер Юнайтед" керемет камбэк жасады
"Манчестер Юнайтед" "Олд Траффордта" италиялық "Романы" 3:2 есебімен жеңді. Майкл Кэррик шәкірттері матч барысында екі доп айырмасымен ұтылып жатты.
Қонақтар сапынан Матиас Суле 11-минутта есеп ашты. Ал 17-минутта Дониэлл Мален пенальтиден гол соқты. Алаң иелері екінші таймда ойын барысын өзгерте алды. Бруну Фернандеш 58-минутта 11 метрлік айып добын дәл орындаса, Матеус Кунья 83 және 86-минуттарда екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
"Интер" сырт алаңда үш гол соқты
Нидерландылық "Фейеноорд" өз алаңында италиялық "Интерден" 0:3 есебімен жеңілді. Ян Биссек 8-минутта, Франческо Эспозито 34-минутта, Пётр Зелиньски 54-минутта гол соқты.
Норвегиялық "Буде-Глимт" пен франциялық "Лилль" арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Австриялық ЛАСК өз алаңында Словакияның "Слован" клубын 4:0 есебімен жеңді. Каспер Йоргенсен 19 және 37-минуттарда дубль жасады. Кейін Роберт Любичич 44-минутта, Самуэль Адениран 48-минутта гол соқты.
4 қарашадаy 5 қарашаға қараған түні өтетін матчтар:
"Фенербахче" – "Ливерпуль";
АЕК – "Реал";
"Лейпциг" – "Манчестер Сити";
"Викинг" – "Сабах";
"Боруссия" Дортмунд – "Бетис";
"Порту" – "Наполи";
"Ланс" – "Комо";
ПСВ – "Брюгге";
"Славия" – "Арсенал".