Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің барлық қатысушысы анықталды

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің барлық қатысушысы анықталды
Фото: depositphotos.com

2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын барлық команда анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирдің негізгі кезеңінде 36 команда бақ сынайды. Олардың ішінен 29 клуб турнирдің жалпы кезеңіне тікелей жолдама алса, қалған жеті команда іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Соңғы төрт жолдаманы түркиялық "Фенербахче", грекиялық АЕК, норвегиялық "Викинг", словакиялық "Слован" иеленді.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан командалар:

  • "Арсенал", "Астон Вилла", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" (барлығы - Англия),
  • "Атлетико", "Барселона", "Бетис", "Реал", "Вильярреал" (барлығы - Испания),
  • "Интер", "Комо", "Наполи", "Рома" (барлығы - Италия),
  • "Бавария", "Боруссия", "Лейпциг", "Штутгарт" (барлығы - Германия),
  • "Ланс", "Лилль", "Пари Сен-Жермен" (барлығы - Франция),
  • ПСВ, "Фейеноорд" (екеуі де Нидерланд),
  • "Порту", "Спортинг" (екеуі де Португалия),
  • "Брюгге" (Бельгия),
  • "Галатасарай", "Фенербахче" (екеуі де Түркия),
  • "Шахтер" (Украина),
  • "Славия" (Чехия),
  • "Сабах" (Әзербайжан),
  • ЛАСК (Аустрия),
  • "Будё-Глимт", "Викинг" (екеуі де Норвегия),
  • АЕК (Грекия),
  • "Слован" (Словакия).

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтар 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 2027 жылғы 27 қаңтар аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget