Чемпион атанды! Қазақ боксшы Қытайда топ жарды

Чемпион атанды! Қазақ боксшы Қытайда топ жарды
Фото: instagram.com/bayikewuzi.danabieke

Қытайдағы қандасымыз Данабек Байқоныс Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Ұлттық ойындарда ірі жетістікке жетті. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы атынан өнер көрсететін Данабек аса ауыр салмақта (+92) турнир жеңімпазы атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Ма Цзиньянды таза жеңіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен алтын жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатынан кейін мәртебесін тағы бекітті

Шэньчжэньдегі бұл жеңіс Данабек Байқоныс үшін табысты маусымның заңды жалғасы болды. Бұған дейін ол World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында (қыркүйек, Ливерпуль, Англия) қола жүлде иеленген еді. Ұлттық ойындардағы алтын оның Қытайдағы суперауыр салмақтың ең мықты боксшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Турнир жеңімпаздары

Данабек Байқоныстан бөлек, Қытай ұлттық ойындарының чемпиондары атанған боксшылар:

Чжан Цзямао - 51 кг дейін
Лу Пин - 57 кг дейін
Чжу Цзяньхао - 63,5 кг дейін
Йердавулиэти Майиланбикэ - 71 кг дейін
Ван Сяобао - 80 кг дейін
Хань Сюэчжэнь - 92 кг дейін

Данабек Байғазының өнер көрсетуі бокс турниріндегі ең жарқын сәттердің бірі болып, Шыңжаңнан шыққан этникалық қазақтың елдегі үздік спортшылар деңгейінде екенін айқын көрсетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget