“Челсидің“ маусымалды соңғы ойыны: Сәтпаев негізгі құрамға енді ме?

Лондондық "Челси" малайзиялық "Джохорға" қарсы маусым алдындағы турнесінің қорытынды матчіне негізгі құрамды жариялады. Қазақстандық Дастан Сәтбаев ойынды қосалқы құрамда бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Челсидің" "Джохорға" қарсы матчтегі құрамы

Шарман-Лоу, Сарр, Тосин, Ансельмино, Кенда, Николл-Джазули, Эссуго, Гиттенс, Эстевао, Джексон, Делап.

Қазақстандық вингер негізгі құрамға енбей, қосалқы құрамда қалды.

Еске салайық, маусымаралық алғашқы ойында "Челси" аустралиялық "Вестерн Сиднейді" 6:4 есебімен тас-талқан етті, ал Сәтбаев команда сапындағы алғашқы голын соқты.

"Тоттенхэммен" өткен екінші кездесуде қазақстандық футболшы алаңға қосалқы құрамнан шықты, алайда лондондықтар 1:2 есебімен есе жіберді.

"Ювентусқа" қарсы матчте да вингер екінші таймның 65-минутында алаңға шықты, бірақ "Челси" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Италиялық "Миланға" қарсы ойында Дастан Сәтбаев алаңға шыққан жоқ. "Көктер" 3:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, Indonesia Super Cup трофейін иеленді.

"Челси" мен "Джохор" арасындағы матч бүгін, 9 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Кездесу Джохордағы (Малайзия) "Искандар Сұлтан" стадионында өтеді және маусым алдындағы Азия-Аустралия турнесінің соңғы матчі болмақ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!