Әлем чемпионатының қола жүлдегері Джанлука Виалли қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Атақты италиялық шабуылшы ұйқы безінің қатерлі ісігімен күресіп, 58 жасында қайтыс болды.
The Sun басылымының мәліметінше, Виалли 2020 жылы толық сауығып шыққан, бірақ ауру бір жылдан кейін қайта басталған.
"Өткен айда Виалли Италия құрамасының жаттықтырушысы қызметінен кетуге мәжбүр болды. Желтоқсан аяғында денсаулығы нашарлай бастады", - деп жазады басылым.
Виалли Чемпиондар лигасын, УЕФА кубогын және кубок иегерлері кубогын жеңіп алған сегіз ойыншының бірі ретінде тарихқа енген-ді. Ол үш түрлі клубпен мұндай жетістікке жеткен жалғыз адам.
Италиялық шабуылшы "Ювентус" пен "Челсиде" ойнап, жұлдыз болды. Италия құрамасында болғанда Виалли 1990 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып қана қоймай, 1988 жылғы Еуропа чемпионатында үшінші орынға ие болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!