“Челси“ Дастан Сәтбаевқа қатысты тосын шешім қабылдады

Футболдан Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев "Бернлидің" чемпионшиптегі матчіне қатыспай қалды. "Челси" оған алаңға шығуға тыйым салғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист Мэтт Скрафтонның мәліметінше, "Бернлидің" "Чарльтонға" қарсы ойынға шығарған құрамы жарияланған бойда жанкүйерлер арасында сұрақ туындаған. Көпшілігі Дастан Сәтбаев негізгі құрамда ғана емес, тіпті өтініште де жоқ екенін байқаған.

Матч 2:2 есебімен тең аяқталды, ал ойыннан кейін команда жаттықтырушысы Ники Хайен журналиске Дастан Сәтбаев неліктен ойында болмағанын түсіндірген.

"Ники Хейен "Челси" Дастан Сәтбаевқа бүгін кешке алаңға шығуға рұқсат бермегенін хабарлады", - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 18 жастағы футболшы "Бернли" сапында жалдау шартымен өнер көрсетеді. Дастанның толыққанды келісімшарты лондондық "Челси" клубына тиесілі.

Футболшы 2 қыркүйекте "Мидлсброға" қарсы матчте жарақат алған болатын, бірақ 11 қазанда "Уотфордқа" қарсы жеңісті кездесуде алаңға қайта оралды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!