Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалдың тыйым салынған препараттарды қолданғанына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды sportpress.kz.
- Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған, — деп бастады сөзін бас жаттықтырушы.
- Сіз ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып осы жылдың басында тағайындалған едіңіз. Демек, сізге дейін болған ғой.
- Иә, солай болып тұр. Бізге дейін болған. Ол кезде ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген. Өзім білемін деп жүрген. Үйде витамин ішсе, ол жарты жылдан кейін, кейде бір жылдан кейін адам ағзасынан шығады.
- Ал қазір ұлттық құрамадағы жағдай қалай?
- Қазір біз бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дірмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз. Ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады.
Қазір боксшылар демалыста. Демалыста да оларға тыйым салынған заттарды ішпеңдер деп ескерту жасаймыз.
- Алда қандай жоспар бар?
- Алда Түркияға он күнге барамыз. Осы шілде айында жол жүреміз. Түркияда боксшылар өздеріне қайта қалпына келу үшін жиынын өткіземіз. Олар теңізде шомылып, денесін қатайтады. Одан кейін «Ақбұлақ» олимпиадалық орталықтағы оқу-жаттығу жиынына қатысамыз. Сосын Алматыдағы тауларда дайындаламыз. Содан кейін Түркістан облысындағы «Алма-Тау» базасында Азия ойындарына дайындықты бастаймыз. Азия ойындарына құрамада өзгеріс болады. Азиадаға екі құраммен дайындаламыз.
Бұған дейін хабарлағандай, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев анаболикалық стероид болып табылатын оралтуринаболды қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді.
Тағы бір боксшы Серік Абзалдың ағзасынан метастерон анықталды. Сондықтан ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификация алды. 2023 жылы 22 жасқа дейінгілер арасында Бангкокта өткен Азия чемпионатында Серік Абзал күміс медаль иегері атанған болатын.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!