Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) қарымта орнына Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет жұдырықтасуға мәжбүр. Бұл туралы мексикалықтың бапкері Эдди Рейносо айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.
"Альварес өзін жақсы сезінеді, бірақ, жеңілген ешкімге ұнамайтыны түсінікті. Біздің міндет - жеңілістен дұрыс сабақ алу. Осылай ғана өсе аласың. Биволмен қарымта? Бұл жекпе-жекті бәрі көргісі келеді. Біз де. Ол келесі қарсылас болмайтыны біздің кінә емес. Бұл компания талабы (DAZN туралы айтса керек). Әсер еткен фактор көп, бірақ, қайталап айтайын, біз реванш қалаймыз.
Ал Головкинмен жекпе-жек басқа мәселе, өйткені бұл жеке басқа қатысты. Біз 24 раунд өткіздік. Ендігі жекпе-жекте осындай мықты болады деген ойдамын. Бұл да мен үшін жеке басқа қатысты болды, өйткені мексикалық Абель Санчеспен текетіресіміз бар еді. Алайда қазір ол Головкиннің командасында емес", - дейді Рейносо.