“Біз тазамыз!“ Жәнібек Әлімханұлының командасы тағы бір мәрте үн қатты

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы тағы бір мәрте үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұйырса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған. Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі!  Біздің команда - ең мықты команда! ...Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды. Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, команда мәзір де, дәрумендер де дәл бұрынғыдай екенін мәлімдеді.

"Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қате кетпеді. Бәрі - бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір. Анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!" - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін де боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты жауап берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!