Бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келмейді

Бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келмейді
Фото: REUTERS©

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні WBO және IBF чемпиондық белбеулерін үшін жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – неміс боксшысы Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO). 

Розенбергте (АҚШ, Хьюстон) өтетін бокс кешінде жеңіске жеткен боксшымен британдық Крис Юбенктің (кішісі) жұдырықтасуға мүмкіндігі бар. Алайда бұрынғы әлем чемпионы боксшылардың екеуімен де жұдырықтасуға құлықты емес. 

Мен бұларға келер болсам, олардың бұрын жекпе-жектерін көрген емеспін. Олардың кім екенін де білмеймін. Мен ойындамын. Оларды жалпақ жұрт біле бермейді, сондықтан да олардың бірімен жұдырықтасу қиындау, - дейді Юбенк Sky Sports-қа берген сұхбатында. 

Ол өз мансабынан мысал келтіре, жекпе-жектерді дұрыс таңдауын тілге тиек етеді. 

Ақылды болу керек. Жекпе-жекті жақсы жерде, нағыз көпшілікке керек уақытта ұйымдастыру қажет. Бұл енді промоутерлерге байланысты. Менің жұмысым – жұдырықтасу. Есімі көпке аян, чемпиондық атағы бар қарсыласты табу қиын. Бірақ мен сондай боксшыны табуға тырысамын. Ол үшін асықпаймын, әрі өз сәтімді күтемін, - дейді. 

Британдық боксшының бұл айтқанына Жәнібек Әлімханұлы да жауап қатты. 

Сіз қандай жауап күттіңіз? Жеңімпазбен жекпе-жекке шығатынын айтады деп ойладыңыз ба? Ол Головкиннің титулдары жоқ екенін де білмейді», - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Крис Юбенк 2 қыркүйек күні Манчестерде отандасы Лиам Смитпен жұдырықтасып жеңіске жеткен болатын. Ол екінші орта салмақта бұрынғы IBO чемпионы. Ертеректе қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда олардың жекпе-жегі ұйымдастырылған жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай