- Негізгі бет
- Спорт
- "Бұл өте маңызды"....
"Бұл өте маңызды". Экс-чемпион Жәнібек Әлімханұлына кеңес берді
Екі салмақта чемпион болған, қазір бокс сарапшысы Тимоти Брэдли қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (13-0, 8 КО) кеңес берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жәнібек әлі еңбектенуі керек, өсуі қажет. 13 жекпе-жек, алты жыл кәсіпқойда, қазір чемпион. Бірақ бәрібір өсуі керек. Ол 29 жаста, алайда бәрібір өсуі қажет. Жақын қашықта жұдырықтасып үйренген жөн. Комбинация ауыстырып отырған жөн. Міне, осы тер төгуді қажет ететін дүние. Қарсыласын жақын қашықта бақылауда ұстау үшін осыларды жасау керек, мұндай деңгейде бұл өте маңызды. Мен байқаған осы ұсақ-түйек оған әрі қарай ілгерілеуге көмектеседі", - деп келтірді Брэдлидің сөзін vRINGe.com.
Еске салайық, Қазақстан уақытымен 13 қарашада Жәнібек Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш