«Бүкіл әлем бізбен бірге»: XII Алматы марафоны әлемнің түкпір-түкпірінен 15 000 жүгірушінің басын қосады

2023 жылғы 1 қазанда Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы Алматы марафоны 12-ші рет өтеді. Республика алаңына әлемнің түкпір-түкпірінен 15 600 атлет жиналады.

Биыл әлемнің 50-ден астам елінен келген атлеттер сөреге шығады. Бұл Алматы марафонының жергілікті шара шеңберінен әлдеқашан шығып, жүгірушілерді біріктіретін халықаралық алаңға айналғанын айғақтайды.

Қайырымдылық қорының өсуі Алматы марафонның маңыздылығын айғақтайды. Жыл сайын іс-шара аяқталғаннан кейін Алматы марафонын ұйымдастырушы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жиналған қаражаттың бір бөлігін қайырымдылық жобаларын қолдауға бағыттайды. Өткен жылы қор спорт нысандарын салуға, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттар мен балалар үйіне қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлді.

Марафонға 15 жастан асқан тілек білдіруші адамдардың барлығы қатыса алады және мәреге жеткенде мәрешінің естелік медалін алады. Барлық жас санаттарында ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар үштігі медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. 21,1 км және 42,2 км қашықтықтардағы абсолютті санаттағы жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады.

Қатысу үшін almaty-marathon.kz  сайтында тіркелу қажет. 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасын қоса алғанда, әртүрлі қашықтықтар бар.

Алматы марафон Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) кіреді, ал оның трассалары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Сайтта марафонға тіркеу 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін немесе 15 600 қатысушыға, соның ішінде 100 Экиден командасына жеткенше жалғасады.