Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турниріндегі жекпе-жектер жалғасады. Бүгін ширек финалда үш боксшымыз өзбектерге қарсы жекпе-жекке шығады.
Отандастарымыздың кездесуі кешкі сессияға жоспарланған. Астана уақытымен 22:00-де басталады.
57 кило салмақта Оразбек Асылқұлов өзбек боксшысы Әбдімәлік Халоковпен жұдырықтасады. Бұған дейін отандасымыз екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де қарымды қарсыластарына мықтылығын мойындатқан еді.
75 кило салмақта Нұрқанат Райыс Алохон Абдуллаевпен кездеседі. Ал жарысты жарқын жеңіспен бастаған әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтің де қарсыласы – өзбек боксшысы Жасурбек Юлдашев.
Айта кетейік, бұған дейін жекпе-жекке шыққан қазақ боксшыларының барлығы жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін қалған осы үш боксшымызға үміт артамыз.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!
О. Сансызбай