23 маусымда Португалия құрамасы Әлем чемпионатындағы екінші матчін өткізеді. Криштиану Роналду бастаған команда Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы матчта португалиялық футболшылар Конго ДР командасын жеңе алмады (1:1), ал Криштиану Роналду сынға ұшырады.
Өзбекстан құрамасы бірінші турда Колумбиядан ұтылғанымен, өз тарихында Әлем чемпионатының алғашқы голын соқты (1:3).
Айта кетейік, бұған дейін Португалия мен Өзбекстан командалары ешқашан кездеспеген.
ӘЧ-2026-ның алғашқы матчінде Өзбекстан құрамасы қақпасын Қазақстанның Түркістан облысы Сайрам ауданы Сайрам ауылында дүниеге келген Өткір Юсупов қорғады. Португалияға қарсы кездесуде де оның негізгі құрамда шығу ықтималдығы жоғары.
Өзбекстан - Португалия матчі Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы, сондай-ақ, телеарна сайты тікелей эфирден көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!