7 наурызға қараған түні алматылық "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчте Испанияның "Картахена" командасымен кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу Испанияда өтеді және Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. Матч Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі. Тікелей эфир 00:20-да басталады.
Алматыда өткен алғашқы матчте испаниялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, футзалдан биылғы Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан тағы бір клуб - "Семей" өнер көрсетіп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!