Бүгін “Қайрат“ Чемпиондар лигасында қарымта матч өткізеді

Бүгін “Қайрат“ Чемпиондар лигасында қарымта матч өткізеді
Фото: ©instagram.com/afckairat

7 наурызға қараған түні алматылық "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчте Испанияның "Картахена" командасымен кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу Испанияда өтеді және Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. Матч тікелей эфирден Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі. Эфир 00:20-да басталады.

Алматыда өткен алғашқы матчте испаниялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, футзалдан биылғы Чемпиондар лигасында Қазақстан атынан тағы бір клуб - "Семей" өнер көрсетіп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget