- Негізгі бет
- Спорт
- Бүгін Чемпиондар лигасының...
Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады
Бүгін түнде футболдан қарт құрлықтың басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойындар басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойындарды тікелей эфирде тамашалай алады.
ПСЖ (Франция) – "Бавария" (Германия)
Париж. Парк де Пренс.
Бас төреші – Майкл Оливер (Англия)
Тікелей эфир – QazSport арнасы
Париждік клуб құрамы кіл мықты ойыншылардан жасақталған. Бүгінгі ойынға Месси, Мбаппе мен Вератти жарақатына байланысты қатыспайтыны жайлы ақпар тараған. Қатыспауын команда өкілдері растаған жоқ, тіпті негізгі құрамда алаңға шығуы да бек мүмкін.
ПСЖ соңғы ойындарын сүреңсіз өткізді. Франция кубогы жолындағы ойында "Марсельге" есе жіберсе, лига 1-дің 23-турында "Монакодан" ұтылып қалды.
"Бавария" Чемпиондар лигасының топтық кезеңін сәтті өткізді. Алайда бундеслигада көштен қара үзіп тұрған жоқ. Екінші орындағы "Унион Берлиннен" бар болғаны 1 ұпай ғана алда. Қақпашы Мануэль Нойер мен шабуылшы Садио Маненің жарақаты команда үшін ауыр соғып тұр. Бүгін Томас Мюллер де ойнамауы мүмкін. Екі команда бұған дейін 12 мәрте жолыққан. Қызығы, есеп – 6:6. Әзірге тең есеп тіркелмеген.
1хbet букмекерлік орталығы ПСЖ жеңісіне – 2,87 коэф, тең ойынға – 3,74, ал мюнхендік команда жеңісіне 2,49 коэф ұсынуда. Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1xbet компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!
"Милан" (Италия) – "Тоттенхэм" (Англия)
Милан. Джузеппо Меаццо (Сан-Сиро)
Бас төреші – Сандро Шерер (Швейцария)
Тікелей эфир – Qazaqstan ұлттық арнасы
Италия чемпиондары дәл қазір ең қарқынды бабында емес. Соңғы ойында ғана "Ториноны" 1:0 есебімен ұтты. Оған дейін "Интер", "Сассуоло" және "Лацио" клубтарынан жеңілген еді. Қазіргі таңда команда Серия А-ның турнир кестесінде 41 ұпаймен 5-орында тұр. "Аталанта" және "Рома" клубтарымен ұпайы бірдей. Келер маусымдағы Чемпиондар лигасы жолдамасына талас қыза түскен.
Стефано Пиоли жаттықтыратын командаға чемпиондық атақтың ауылы алыс. Көш басындағы "Наполиден" 18 ұпайға қалып тұр. Италия кубогы жарысын да аяқтаған. Бар күшін Чемпиондар лигасына салары анық. 1/8 финалдағы "Тоттенхэм" де терезесі тең қарсылас.
"Тоттенхэм" топтық кезеңді сәтті өткізді. Қарсыластары қарымды болмағанмен, мықтылықтарын мойындатты. "Айнтрахт", "Спортинг" және "Марсельден" озды. Ағылшын премьер-лигасында 39 ұпаймен 5-орында келеді. Соңғы турда "Лестерден" ойсырай ұтылғанға дейін "Манчестер Сити", "Престон" және "Фулхэм" клубтарын ұтты.
"Милан" өз алаңында ойнап жатқандықтан аздап фаворит саналады. 1хbet букмекерлік орталығы алаң иелері жеңісіне – 2,61 коэф, тең ойынға – 3,15, ал "Тоттенхэм" жеңісіне 3,17 коэф ұсынуда. Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1хbet компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!
Н. Үсенова