Бүгін Әлем кубогінде тоғыз қазақстандық айқасады

Бүгін Әлем кубогінде тоғыз қазақстандық айқасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астанада World Boxing ұйымдастырған бокстан Әлем кубогінің үшінші жарыс күні өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан атынан шаршы алаңға тоғыз боксшы шығады. Күндізгі сессия Астана уақыты бойынша 14:00-де басталса, кешкі сессия 19:00-де өтеді. Жекпе-жектерді тікелей эфирден көрсетеді.

Күндізгі сессия:

Әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай – Фарзона Фозилова (Өзбекстан);
Әйелдер, 51 кг: Алуа Балқыбекова – Дженнифер Лосано (АҚШ);
Әйелдер, 80 кг: Гүлсая Ержан – Пуджа Рани (Үндістан);
Ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Содай Кото (Жапония);
Ерлер, 85 кг: Бекзат Нұрдәулетов – Лаклан Лоусон (Аустралия).

Кешкі сессия:

Әйелдер, 60 кг: Виктория Графеева – Гизем Өзер (Түркия);
Әйелдер, 65 кг: Аида Әбікеева – Дион Берман (Англия);
Ерлер, 65 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекел (Түркия);
Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай – Малачи Джорджес (АҚШ).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget