Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі аясында Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Барлық жекпе-жек тек кешкі сессияда өтеді. Сессия 19:00-де басталады.
Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Ертуған Зейнуллинов ширек финалда жұдырықтасады. Жеңіске жеткен жағдайда олар кем дегенде қола жүлдеге ілігеді.
Елдана Тәліпова мен Сағындық Тоғамбай жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз