Бүгін Әлем кубогінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Бүгін Әлем кубогінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі аясында Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Барлық жекпе-жек тек кешкі сессияда өтеді. Сессия 19:00-де басталады. 

Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Ертуған Зейнуллинов ширек финалда жұдырықтасады. Жеңіске жеткен жағдайда олар кем дегенде қола жүлдеге ілігеді.

Елдана Тәліпова мен Сағындық Тоғамбай жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізеді. 

  • Әйелдер, 51 кг, 1/4 финал: Алуа Балқыбекова – Юна Нишинака (Жапония), Ринг B, жұп №2
  • Әйелдер, 65 кг, 1/4 финал: Аида Әбікеева – Су Юн Кан (Оңтүстік Корея), Ринг A, жұп №4
  • Әйелдер, +80 кг, 1/2 финал: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан), Ринг A, жұп №5
  • Ерлер, 65 кг, 1/4 финал: Ертуған Зейнуллинов – Уго Гро (Франция), Ринг A, жұп №6
  • Ерлер, 90 кг, 1/2 финал: Сағындық Тоғамбай – Эмре Яшар (Түркия), Ринг B, жұп №8
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget