Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Ширек финалға шыққан 7 отандасымыз жекпе-жекке өткізеді. Жеңгендері Олимпиада жолдамасына ие болады. Ал жүлделі орындар үшін жекпе-жектер әйелдер арасында 57 және 60 кило салмақта ғана өтеді.
Күндізгі сессияда шаршы алаңға шығатын қазақ боксшылары:
17:30 - 92 кг. Айбек Оралбай - Джамар Талли (АҚШ);
19:30 - 75 кг. Валентина Хальзова - Синди Нгамба (Ұлыбритания).
Кешкі сессия:
23:00 - 50 кг. Алуа Балқыбекова - Карина Макси Клецер (Германия);
00:00 - 51 кг. Сәкен Бибосынов - Киаран Макдональд (Ұлыбритания);
00:30 - 57 кг. Махмуұд Сабырхан - Асрор Вохидов (Тәжікстан);
00:45 - 71 кг. Асланбек Шымбергенов - Сархан Алиев (Әзербайжан);
01:30 - 80 кг. Нұрбек Оралбай - Келин Кессиди (Ирландия).
Жекпе-жектердің барлығын QazSport арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Сондай-ақ ресми сайтында да көрсетіледі.
Бүгін ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!