- Негізгі бет
- Спорт
- Бублик пен Недовесов...
Бублик пен Недовесов Аустралиядағы турнирдің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик жекелей сында, ал Александр Недовесов жұптық сында Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Александр Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 62-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрейпермен бақ сынасты.
Тартысты өткен бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы тай-брейкте басымдылық танытты – 7:6 (7:2).
Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Дрейпер брейк жасап, алға кетті – 4:2. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:4.
Ал Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда үндістандық-аустралиялық жұп Рохан Бопанна мен Мэттью Эбденмен кездесті.
Қазақстандық-эквадорлық теннисшілер қарсыластарынан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, финалға жолдамадан қағылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан