Бублик Дубайдағы турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Медведевпен ойнайды

Бублик Дубайдағы турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Медведевпен ойнайды

Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Дубайдағы ATP-500 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бірінші айналымда италиялық Маттео Арнальдиді 6:4, 6: 2 есебімен жеңген ресейлік теннисші Даниил Медведев болды.

Матч бір сағат 30 минутқа созылды. ATP рейтингінде жетінші орында тұрған ресейлік үшін бұл қатарынан оныншы жеңісі болды.

Ал қазақстандық Александр Бублик бірінші айналымда болгариялық теннисші Александр Лазаревпен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6: 1 есебімен ұтты. Екінші сетте Бублик бір геймді жеңді, содан кейін болгариялық теннисші жарақатына байланысты ойыннан бас тартты. Матч 25 минутқа созылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!