Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Халледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына сәтті ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық 6:3, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен әлемнің 21-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффты ұтты.
Теннисшілердің ойыны 2 сағат 16 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 23 рет эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Александр Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық 21 жастағы теннисші Янник Синнермен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!