Біртүрлі спорт түрлері

Біртүрлі спорт түрлері

1. Асқабақ қайықпен жүзу

Қылқайықпен жүзіп жарысқандарды көрген боларсыз? АҚШ пен Канадада жыл сайын қазан айында Песакид өзенінде адамдар асқабаққа отырып жүзіп жарысады. Біртүрлі естіледі, иә? Жарысқа қатысатын асқабақтың салмағы орта есеппен 350 килограммды құрайды. (Ал әлемдегі ең үлкен асқабақтың салмағы 2,7 тонна болған) Дән кезінен баптап, күтіп, өскен соң ішін алып, адам отыратындай етіп дайындаудың өзі біраз еңбекті талап етеді. Ал жарыста оза шауып, бәйге алудың өзі – бөлек әңгіме. 

2. Суасты хоккейі

Мұз үстінде шайба қуалау кей адамдардың ішін пыстырғандай: 1950-жылдары Sub-Aqua Club су клубының иесі ағылшындық Алан Блейк суастында хоккей ойнауды ойлап тауыпты. Ресми атауы – Octopush. Ойын ережесі кәдімгі хоккей сынды. Суасты хоккейі бойынша әлемдік чемпионаттар ұйымдастырылады. Жанкүйерлер хауызда орналастырылған камера арқылы сайысты тамашалай алады. 

3. Велобол

Қарапайым футбол ойынын велосипедпен ойнаса, ойын қыза түсер ме екен? Солай секілді. Ондай ойын түрі де бар екен: 5-6 адамнан құралған екі топ бір допты қарсылас қаөпасына салуды көздейді. Алайда, қолмен не аяқпен допқа тиісуге болмайды. Тек велосипед дөңгелектерімен ғана және денемен, баспен тиісуге болады. Велобол ХІХ ғасырдың аяғында АҚШ-та ойлап табылса да, Еуропада, соның ішінде Германияда кеңінен таралған. Немістер "радбол" деп атайды екен. 

4. Бақай күрес

Қол күрестің басқа түрі бар. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер басбармақпен күрескенді жақсы көреді. 1976 жылы Англияда сырахана иесі бақайлармен күресуді ойлап тауыпты. Сол кезден бастап бұл сайыс Британияның ұлттық спорттық ойыны есептеледі. Қауіпті ойындар қатарына жатады. Себебі, сайыс кезінде башпайларын сындырып алатындар көп.

5. Ұшып бара жатқан тікұшақ қанатындағы акробатика

Тікұшақ ұшып бара жатқан кезінде каскадер қанатында түрлі пируэрт жасайды. Тікұшақ қанатында жүру АҚШ-та 1920-жылдары пайда болған. Әлем бойынша 50-ге тарта осындай каскадер бар. Илон Маск те бір тырысып көрген. Алғашқы тәжірибе үшін тым жақсы нәтиже көрсеткен екен.

6. Вулканбординг

Таудан не дөңнен сырғанау бұл спорт түрінен тым қарапайым көрінуі мүмкін. Жанартаудан сырғанау деген түрі бар. Никарагуада бұл спорт түрі туристер арасында кеңінен таралған. Ол жақта әзірге бір жанартау ашық. Серро-Негра жанартауынан сырғанаудан рекорд – 95 км/сағат. Бұрын адамдар серфингке арналған тақтайлармен, тіпті ескі матрастармен сырғанайтын, ал қазір құм (топырақ) бетімен сырғанайтын арнайы тақтайлар бар. 

Г. Берік