Қазақстаннің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Брисбендегі (Аустралия) турнирдің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елена Рыбакина турнирдің 1/4 финалында ресейлік теннисші, әлемнің 28-ракеткасы Анастасия Потаповамен шеберлік байқасады.
Анастасия Потапова Брисбендегі жарыстың 11-ракеткасы болып тіркелген. Ол турнирдің 1/8 финалында өзінің отандасы, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметованың (жарыстың 6-ракеткасы) үш сетте 7:5, 7:6(9:7), 6:4 есебімен ұтты.
Қазақстандық және ресейлік теннисшілердің ойыны ертең, 5 қаңтарға жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакинаның Брисбендегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!