"Сантос" командасының капитаны Неймар кем дегенде бір айға алаңнан тыс қалады. 33 жастағы шабуылшы оң жақ санының бұлшық ет жарақатына байланысты бірнеше матч өткізіп алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Ертең Неймар қосымша тексеруден өтеді. Ойыншы кемінде бір ай алаңға шықпайды", – деді журналист Лукас Музетти.
Бразилия чемпионатының биылғы маусымында Неймар "Сантос" сапында 13 ойын өткізіп, үш гол соқты. Тағы жеті кездесуді түрлі жарақаттардан, ал екеуін дисквалификацияға байланысты жіберіп алған.
Transfermarkt дерегінше, Неймардың трансферлік құны - 11 миллион еуро. Бұл көрсеткіш бойынша ол "Сантос" клубында көш бастап тұр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!