Бразилия Катардағы әлем чемпионаты топтық кезеңінің 3-турында Камеруннан жеңіліп, рекордтық сериясын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ойын алдында бразилиялықтар плэй-офф кезеңіне шығып қойған. Сондықтан Камерунға қарсы кездесуде Бразилияның бірқатар көшбасшы ойыншысы демалыс алды. Мұны пайдаланған камерундықтар жеңісті жұлып әкетті. Матчтің соңғы минуттарында Венсан Абубакар гол соғып, Камерунға жеңіс сыйлады - 1:0.
Осылайша, Бразилия құрамасының рекордтық сериясы үзілді. "Селесао" әлем чемпионаттарының топтық кезеңінде 17 матч бойы жеңілмей келе жатқан. Бұған дейін бразилиялықтар 1998 жылғы әлем чемпионатында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңілген.
Ал G тобында параллель өткен кездесуде Швейцария құрамасы Сербияны жеңді. Бұл матчте жанкүйерлер бес гол көрді. 20-минутта Джердан Шакири швейцариялықтарды алға шығарды. Бірақ артынша сербтер сапынан Александр Митрович пен Душан Влахович гол соқты. Ал үзіліске дейін Бреел Эмболо таразы басын теңестіріп, командалар демалуға 2:2 есебімен кетті.
Екінші таймның басында Ремо Фройлер гол соғып, Швейцарияға жеңіс сыйлады - 3:2.
Осылайша, Бразилия мен Швейцария 6 ұпайдан жинап, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Төрт ұпайы бар Камерун үшінші орын алса, Сербия бір ұпаймен соңғы орында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!