"Манчестер Сити" командасы Англия кубогының 1/8 финалында "Лутон Таун" командасын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Ойында 5 гол соғып, пента-трик жасаған Эрлинг Холанд 54 жыл бұрынғы рекордты қайталады.
Норвег шабуылшысы ойында 4-ші, 18-ші, 40-шы, 55-ші және 58-ші минуттарда гол соқты. Тағы бір голды Матео Ковачич өз еншісіне жазды. Сондай-ақ Кевин де Брюйне 4 нәтижелі пас берді. "Лутон" командасы сапынан екі голды да Джордан Кларк соқты.
Opta Sports ақпараты бойынша Англия кубогында соңғы рет бір ойыншы 5 гол соққан матч 1970 жылы өткен. 54 жыл бұрын танымал футболшы Джордж Бест бір ойында 5 гол соққан еді.
Эрлинг Холанд "қалалықтар" сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың 30 маусымына дейін жоспарланған.
Айта кетейік, Холанд ойнайтын Норвегия құрамасы Ұлттар лигасында Қазақстанмен бір топқа түсті. Қазақ футболшыларына қарсы ойнайтын болады.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!