- Негізгі бет
- Спорт
- Бір күннен кейін...
Бір күннен кейін Қазақстанға келуі керек болған ресейлік спорт комментаторы қайтыс болды
Фото:
"Эгриси" футбол командасының баспасөз қызметі
Ресейлік белгілі спорт комментаторы Василий Уткин өмірден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист әрі "Эгриси" футбол командасының иесі Василий Уткин 52 жасында өмірден өтті.
"Мұны жазу бізді қатты ауыр тиді. Бірақ бұл рас. Василий енді арамызда жоқ" - деп хабарлады "Эгриси"-дің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол 21 наурыз күні Алматыға келуі керек еді. Мұнда жабық көрсетілімде Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы матчты жүргізуі керек болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан