Бокстан бас бапкер Мырзағали Айтжанов төл шәкірті Сәкен Бибосыновтың нәтижесі неліктен төмендеп кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы ол Qazaq Ring YouTube жобасына берген сұхбатында айтты.
Қазақта "Бақ, қайда барасың? Ынтымаққа барамын" деген бір жақсы сөз бар. Ынтымағымыз жоқ болып, бір-бірімізді "анау жақсы, мынау жаман" деп күндейтін кездер көп болып жатыр.
Соның бір кесірі осы командаға тиетін шығар. Ауызбіршілік, татулық, бірлік болса, әлі де үлкен белестерді бағындырамыз. Біз қазақылыққа жақын адамбыз. Сол себепті үмітімді үзбеймін.
Командада мықты жігіттер, бапкерлер көп. Ғылыми тобымыз бар. Кейінгі жарысымыздағы келеңсіз жағдай естен шығып, әлі де лицензиямызды толтырып, биік тұғырдан көрінгенде мұның бәрі артта қалады деп ойлаймын", – деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде және Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында жеңіліс тапты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!