- Негізгі бет
- Спорт
- Бір әлем чемпионатында...
Бір әлем чемпионатында 13 гол соққан футболшы қайтыс болды
Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз.
Фонтен бір әлем чемпионатында ең көп гол соғып, рекорд орнатқан. Ол 1958 жылғы Швециядағы әлем чемпионатында 13 гол соқты. Сол кезде Франция құрамасы қола жүлдеге ие болды.
Шабуылдаушы 1953 жылдан 1960 жылға дейін ұлттық құрамада өнер көрсетті. Ол 21-матчта барлығы 30 гол соққан.
Футболшы марокколық "Касабланка", франциялық "Ницца" және "Реймс" командаларында ойнады.
Фонтен жаттықтырушы ретінде Франция құрамасын басқарды. Ол сонымен бірге франциялық "Баньер-де-Люшон", ПСЖ, "Тулуза" және Марокко құрамасын жаттықтырды.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!