Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Астанада өтіп жатқан Elorda Cup турнирінде бақ сынайды деп күтілген. Алайда отандасымыз жарысқа қатысып жатқан жоқ.
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов "СПОРТ МИНИСТРІ" youtube-арнасына берген сұхбатында Асланбектің қатыспауына түсінік бере кеткен.
- Иә, ол жігітте жарақат болды. Емдетіп жүрді, сонда да оқу-жаттығу жиынына толық қатысты. Мен оны өзім босаттым. Ол – команда капитаны, тәжірибелі боксшы, әлем чемпионы. Одан өзге ол өте тәртіпті бірінші орынға қоятын спортшы. Ол өзінің спорттық бабын жоғалта қоймайды. Сондықтан бұл турнирге қатыспаса да болады. Бірнеше жарақатын емдетіп алғаны абзал, - деді бапкер.
Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында 71 килоға дейінгі салмақта топ жарды.
Elorda Cup турнирі алдағы Азия чемпионатына дайындықтың бір жолы. Қазіргі таңда жарысқа 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынауда. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!