- Негізгі бет
- Спорт
- Бокстан Ташкенттегі әлем...
Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатына тағы бір ел бойкот жариялады
Норвегияның бокс федерациясы әлем чемпионаты және IBA ұйымдастыратын басқа да жарыстарға қатыспау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өйткені мұндай турнирлерге Ресей мен Беларусь спортшылары қатыса алады. Бұл туралы Норвегияның бокс қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл бойкотқа боксшылар ғана емес, төрешілер мен Норвегияның өзге де ресми тұлғалары қатысып отыр.
Айта кетейік, бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі байрақты бәсеке саналады. Ерлер арасындағы биылғы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтсе, әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурызда Нью-Делиде болады.
Мұның алдында бокстан әлем чемпионатына АҚШ, Нидерланды және Германия бойкот жариялаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан