Бокстан Сербияда өткен турнир: Қазақстан құрамасы финалда қалай өнер көрсетті?

Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен Belgrade Winner турнирінде бір алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылардың ішінде алғаш болып рингке Нұрасыл Төлебек шықты. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда кубалық Винсент Луис Энрикені төрешілер шешімімен жеңді.

Нұрбек Мурсал (70 кг) черногориялық Милош Рогановичпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды. Ал Ибрагим Бетаев (90 кг) финалда Кубаның тағы бір өкілі Уильямс Нельсонмен кездесіп, ол да төрешілер шешімімен есе жіберді.

Айта кетейік, алғашында Белградтағы турнирге Қазақстан ерлер құрамасынан он екі боксшы қатысты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!