Бокстан Қытайда өтетін Әлем кубогына кімдер қатысатыны белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.

Ерлер

  • 50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
  • 55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
  • 60 келіге дейін: Серік Теміржанов
  • 65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
  • 70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
  • 75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
  • 80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
  • 90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
  • 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай

Әйелдер

  • 51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
  • 54 келіге дейін: Назым Қызайбай
  • 60 келіге дейін: Виктория Графеева
  • 65 келіге дейін: Аида Әбікеева
  • 70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
  • 75 келіге дейін: Наталья Богданова
  • 80 келіге дейін: Валерия Аксенова
  • 80 келіден жоғары: Дина Исламбекова

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!