Бокстан Азия ойындарында алғаш рет Олимпиада лицензиясы таратылады. Жарыста финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сары құрлықтың басты додасында кіл мықты боксшылар бақ сынайтын болады. Себебі Олимпиада жолдамасы барлығы үшін маңызды. Оны уақытынан бұрын жеңіп алу - дайындықты ерте бастаудың басты алғышарты.
Ханчжоудағы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Жарыста барлығы 34 Олимпиада лицензиясы (14-і ерлер, 20-сы әйелдер арасында) сарапқа салынады.
Сондай-ақ Олимпиада жолдамасы берілетін тағы ірі екі турнир өтеді. Оның бірі келер жылдың 29 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Бусто-Арчициода өтсе, екіншісі 23 мамыр мен 3 маусым арасында Бангкокта болады. Біріншісінде – 49, екіншісінде 51 лицензия өз иесін табады.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан Ханчжоудағы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық ерлер және әйелдер құрамасының тізімі жарияланған болатын.
![]()
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!