Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды

Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы екі Әлем кубогы кезеңін қорытындылап, 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындықтың алғашқы кезеңіне аяқ басты. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті. Сол бәсекеде Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) алтын алса, Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

Енді ұлттық құрама 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықты бастады. Бас бапкер Елдос Сайдалин жарысқа баратын спортшылардың есімін атады.

"Қазір Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімі толық анықталды: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталия Богданова (75 келіге дейін). Спортшыларды іріктеу барысында былтырғы әлем чемпионатының, биылғы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі ескерілді", - деді маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget