Бангкокта (Таиланд) бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Турнир аясында әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға жолдама алды. Алтын жүлде үшін мына боксшылар жұдырықтасады:
- Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін);
- Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін);
- Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін);
- Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова